«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шаттық» мектепке дейінгі ұйымы» МКҚК
ГККП «Дошкольная организация» «Шаттық» государственного учреждения «Отдел образования Айтекебийского района Управления образования Актюбинской области»
|
|
---|
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шаттық» мектепке дейінгі ұйымы» МКҚК ГККП «Дошкольная организация» «Шаттық» государственного учреждения «Отдел образования Айтекебийского района Управления образования Актюбинской области»
АТА-АНАЛАРҒА
28
Қараша
2024
|
28
Қараша
2024
|
27
Қараша
2024
|
Балабақша - біздің өмірімізде ең маңызды орын алатын кезең. Бақша- өсіп өну орны, түймедей ғана дәннің үлкен болып, ғажайып өсімдікке айналатын жері. Сол тәрізді балалар бақшасы да әлі дүниеден еш хабары жоқ шағын ғана сөздік қоры бар, түсінігі де шектеулі өмірде өз мүмкіндігіне сай тұлғалық қалыптасып келе жатқан сәбилер тәрбиеленеді.
Баланы балабақшаға әкелу бізге не әкеледі? Ең біріншіден, өз қатарымен қарым-қатынас мүмкіндігінің қалыптасуы. Қандай бала болсын, ол үш жасқа толғанда өзге балалармен қарым-қатынаста болуды қажет етеді. Ал, тәрбиешілермен қарым қатынасы кейіннен де мұғалімдермен қатынаста қиындық туғанда көмектеседі.
Балабақшада балалар интелектуалдық және физикалық даму үшін мүмкіндік алады. Олармен арнайы сабақтар: жапсыру, сурет салу, құрастыру, тіл дамыту, дене шынықтыру, әлеуметтік құндылықтармен танысу және баланың дамуына нақты қатысатын қабілеттілігін көрсетеді. Қай бала болсын балабақша алғаш келгенде бейімделу кезеңінен өтеді.
Жалпы, бейімделу кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Қиындықтан шығу үшін және бейімделу мерзімін оптималды қамтамасыз ету үшін баланы жанұядан балабақшаға біртіндеп үйрету қажет. Дәрігерлер мен психологтардың зерттеуі бойынша бейімделу үш этапқа бөліп қарастырған:
1- 16 күн жеңіл
16- 32 күн орташа
32- 64 күн қиын
27
Қараша
2024
|
Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
Балаңыздың жеке бөлмесі, не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
Егер балаңыз шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса, шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз.
Балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз.
Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.
27
Қараша
2024
|
Демалыс күндері балаңызды шомылдырып, тырнағын алып, киімдерін тазалап жіберіңіз.
Балабақшаға келер алдында балаңыздың денсаулығын қадағалаңыз.
Үйіңізде жұқпалы ауру шықса, балабақшаға хабарлап ескертіңіз.
Балабақшаға балаңызды 8:30-дан қалдырмай әкеліңіз.
Балаңызды балабақшадан себепсіз қалдырмаңыз, науқастанған жағдайда анықтама қағазын әкеліңіз.
Балабақша төлемақысын әр айдың 10-на дейін қалдырмай төлеңіз.
Балабақша тәрбиеленушісін 3 күннен артық себепсіз қалдармаңыз.